Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянкомен кездесті

Серік Жұманғарин ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянкомен кездесті
Фото: primeminister.kz

ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянко және БҚДА-мен кездесу Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындау бойынша ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы миссиясы аясында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, бүгінде Бірінші шолу шеңберінде берілген ЭЫДҰ ұсынымдары 80%-ға орындалды. 

«Мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ жоғары стандарттарына сәйкестендіру мақсатын қойды және біз ұсыныстардың басым бөлігін іске асырдық. Бүгін сіздерді қызықтыратын мәселелерді Екінші шолу аясында талқылауға дайынбыз», — деді вице-премьер жиынға қатысушыларға. 

Тараптар Қазақстанның бәсекелестікті дамыту және Қазақстан экономикасын ырықтандыру саласындағы жуырдағы бастамаларын талқылады. Атап айтқанда, БҚДА жанынан Ұлттық жекешелендіру кеңсенің құрылуын әрі оның кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жоспарларын оң атап өтті. ЭЫДҰ өкілдері Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындауға материал жинау үшін басқа да мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады