Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ЭЫДҰ өкілдігін ашу ұсынылды

Қазақстанда ЭЫДҰ өкілдігін ашу ұсынылды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесті., деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ұйымның ұсынымдарын имплементациялау барысын, ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ Хатшылығының 2025 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстанда ЭЫДҰ өкілдігін ашу бастамасы айтылды. Бүгінде ұйымның аймақтық кеңселері Қытайда, Индонезияда, Украинада және Грекияда жұмыс істейді.

Уильям Томпсон ЭЫДҰ-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтті. Ұсынымдарға сәйкес елімізде бірқатар саяси және экономикалық өзгерістер жүргізілді: инвестициялық омбудсмен институты енгізілді, бюджет қаражатының жұмсалуына парламенттік бақылау күшейтілді, елдің 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясы әзірленді, жауапты бизнес жүргізу жөніндегі ұлттық байланыс және Жоғары аудиторлық палата құрылды. Билікті орталықсыздандыру процесі басталды – аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау енгізілді.


«Еліміз ЭЫДҰ-ның 15 жылдан астам тұрақты серіктесі әрі Орталық Азияда оның ұсынымдарын имплементациялау бойынша көшбасшы. 2025 жылы Қазақстан осы беделді халықаралық ұйымға толыққанды мүше ретінде кіру үшін өтінім беруге ниетті. ЭЫДҰ-мен әрі қарайғы ынтымақтастығымыз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық аспектілерінің дамуына оң әсер ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді