Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер маркетплейстердің бірінің фурасын жол үстіне шығаруға көмектесті

СҚО-да полицейлер маркетплейстердің бірінің фурасын жол үстіне шығаруға көмектесті
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер маркетплейстердің бірінің фурасын жол үстіне шығаруға көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қаңтар күні Көкшетау – Рузаевка автожолының 142-шақырымында маркетплейстердің бірінің 6 тонна тауарын тасымалдап келе жатқан DAF фурасының жүргізушісі жол үстінен шығып кетіп, қисайған күйінде омбы қарға кіріп кеткен. Көлікті СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері патрульдеу кезінде байқап қалған.

Тәртіп сақшылары жол-эксплуатациялық учаскесінің мамандарына және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің басшылығына хабарласып, ауыр техника жіберуді сұрады. Екі тиегіш пен К-700 тракторы фураны шығаруға көмектесті. Бұл уақытта полицейлер аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Ал Жезқазған – Петропавл автожолының 843-шақырымында полиция қызметкерлері облыстың 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігін байқап қалды. Көліктен ақау шығып, жол шетінде тоқтап қалған. ПД ППБ қызметкерлері оны Есіл ауданының орталығы Явленка ауылындағы автобөлшектер дүкеніне сүйреп жеткізді. Жас жүргізуші тәртіп сақшыларына қиын жағдайда көмектескені үшін шын жүректен алғысын айтты.

Полиция жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жарамдылығын бақылап отыруды, қысқы жолдарда мұқият болуды және әрқашан жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты