Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Көктайғақтан да жаман”: полицейлер арпа тиелген жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

“Көктайғақтан да жаман”: полицейлер арпа тиелген жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер арпа тиелген жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 қазан күні сағат 18:40 шамасында Жезқазған – Петропавл автожолының 862-шақырымындағы Есіл ауданы Петровка ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің арпа тиелген тіркемесінен ақау шыққан.

Ақау салдарынан тіркеме аударылып, ішіндегінің барлығы жол үстіне төгілген. “ҚазАвтоЖол” АҚ жұмысшылары арпаны жинап жатқан уақытта СҚО ПД патрульдлік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалады.

– Жол үстіне төгілген астық көліктің жүруін қиындатты. Көктайғақтан да жаман. Осы уақытта көлік қозғалысы да көбейіп кетті. Біздің міндетіміз – аталған учаскеде жол-көлік оқиғасын болдырмау болды, – дейді оқиға орнында жұмыс істеген сақшылардың бірі – Ақылбек Бірімжанов.

Ақылбек Бірімжанов үш сағаттай көлік қозғалысын реттеген. Жол-көлік оқиғаларына жол берілмеді. Келесі күні таңертең КамАЗ көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жолға шықты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді