Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін тексеруде

Алматы полициясы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін тексеруде
Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін тексеруде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14-16 қаңтар аралығында республика көлемінде жергілікті атқарушы органдар, Көлік министрлігінің көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық көліктегі құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстану, жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалау және қауіпсіздік деңгейін арттыру.

– Қазіргі уақытта қызметкерлеріміз жолаушыларды тасымалдау барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында автокөлік компаниялары мен жеке тасымалдаушыларды тексеруде. Сонымен қатар заңсыз мигранттар мен рұқсатсыз жұмыс істеп жатқан тасымалдаушыларды анықтау үшін көші-қон полициясымен бірлескен рейдтер жүргізілуде. Алдыңғы шептегі бөлімшелердің жеке құрамы бірнеше рет және жүйелі түрде құқық бұзушылық жасаған адамдар мен іздеуде жүрген көліктерді анықтау үшін барлық тіркеу деректер базасы бойынша жүргізушілерді тексеріп жатыр, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді