Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Қызылордада екі мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биыл Қызылордада екі мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz

Қызылордада жыл басынан бері екі мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсақ құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидатын ұстану тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл профилактикалық шараның негізгі мақсаты – облыс тұрғындарын өңір көшелері мен аулаларындағы қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсатсыз жинау мен шығаруға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу үшін рейдтер өткізіп жатыр.

Қызылорда қаласында жыл басынан бері 1900-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, қазан айында қала тұрғыны масаң күйінде дүкен ішінде балағат сөздер айтып, айқай шығарған. Дүкен иесі полицияға хабарласып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша – 327 адам, ӘҚБтК-нің 73-бабымен – 609 адам, ӘҚБтК-нің 608-бабымен 293 адам жауапкершілікке тартылды.

“Мүлдем төзбеушілік” қағидаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаралар әрі қарай жалғасын табады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді