Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Павлодар облысының әкімшілік полиция қызметкерлері 2 мың шақырымға жуық автожолды мұқият тексерістен өткізді.

Тексеру барысында 51 ақау анықталып, кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.

– Жолдарды күтіп ұстау, темір жол өтпелеріне тиісті назар аудару және жол инфрақұрылымына қатысты талаптарды орындамау деректері бойынша 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына айыппұл салынып, анықталған ақауларды жою міндеттелді, – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл іс-шаралар өңірдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған.

– «Заң және тәртіп» қағидаты – ішкі істер органдары қызметінің негізгі өзегі. Бұл қағида азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қолдауға негізделген. Тәртіп бұзушылар міндетті түрде өз әрекеттері үшін жауап береді, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты