Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында жолды күтіп ұстамаған 249 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Жетісу облысында жолды күтіп ұстамаған 249 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жолды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған 249 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер өңірдегі жолдардың жағдайын мұқият тексеруді жалғастырып жатыр. Анықталған кемшіліктер бойынша жыл басынан бері жол ұйымдарына 1360 ұйғарым жолданды.

– Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдар тексеруден өтеді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 249 лауазымды тұлға жалпы сомасы 8590500 теңгеден астам айыппұл санкцияларын сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көше-жол желісіндегі кемшіліктер үшін бірқатар аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшылары жазаланды,– деді Жетісу облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Диас Айнақұлов.

Жыл басынан бері өңірде 2081 жол белгісі, 24 бағдаршам нысаны, 24 билборд, 92 өнеркәсіптік өндірістегі жасанды тегіс еместіктер орнатылды. Сондай-ақ 6,9 км көше жарығы және 45,4 км тротуар жолы жабдықталған.

– Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларын алдын алу мәселелері полицияның тұрақты бақылауында. Айталық, бірқатар аудандарда апатты-қауіпті учаскелерге 18 муляж бейнекамера мен 36 жол белгісін орнату туралы шешім қабылданды. Бұл жүргізушілерді тәртіпті болуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыру үшін жасалады,– деп атап өтті өңірдің әкімшілік полиция басқармасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады