Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін 200-ден астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін 200-ден астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін 200-ден астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар полициясы жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарға тексеру жүргізді, нәтижесінде 2271 ақау анықталды, олар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 1169 ұйғарым берілді. 239 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Спикер биылғы жылы “Қазақавтожол” филиалымен бірлесіп республикалық трассалардың апатты-қауіпті учаскелерінде жануарлардың 15 макеті, ЖКО алдын алуды насихаттау бойынша 102 ақпараттық панно, елді мекендер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңындағы республикалық маңызы бар автожолдарда 95 стробоскоп орнатылғанын хабарлады.

– Ұйқының алдын алу мақсатында автожолдарда 420 м2 шу жолағы орнатылған. Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізушілердің денсаулық жағдайының көрсеткіштері тексеріледі. Шамадан тыс жұмыс немесе ауыр жағдай анықталған жағдайда, оларға тоқтап демалу ұсынылады. Ұзындығы 227 шақырым болатын Павлодар – Астана бірінші санатты автожолында кривбустар мен тұтас жолақ орнатылды, – дейді Жасқайрат Қайыров.

Облыста барлығы 185 бағдаршам нысаны және 6 кибер-шериф аппараттық-бағдарламалық кешені бар.

Павлодар қаласында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Н.Назарбаев даңғылы Толстой көшесі, Н.Назарбаев көшесі Ак.Шоқин көшесінің қиылысында “тыныштандыру” режимін енгізді. Бұл режимде қызыл сигнал қиылыстағы барлық бағыттар үшін бір уақытта жанады, жүргізушілердің назарын келесі бағыт үшін жасыл сигналды қосу арқылы аударады. Қиылысқа шыққан жүргізушілер көлік құралдары қиылыстың басқа бағыттарынан қозғала бастағанға дейін сол жақ бұрылысты қауіпсіз және кедергісіз аяқтай алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді