Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған мыңнан астам құқық бұзушы анықталды
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қоғамдық орындарды ластаумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығы тұрғындарының арасында кеңінен таралған әрі жиі кездесетін құқық бұзушылық – қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарау, яғни қоқыс пен қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастау.

2024 жылдың қорытындысы бойынша полицейлер қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1190-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Ал осы жылдың алғашқы 8 күннің өзінде 25-ға жуық факті тіркелген.

Ұсақ бұзақылықтың басым бөлігі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталады. ЖБО камераларының көмегімен 500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелгенін айта кеткен жөн. Қазіргі таңда барлық анықталған жағдайлар бойынша тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заң мен тәртіп – құқық қорғау органдарының басты қағидасы. Полицейлер Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес қоғамдық орындарды ластауға тыйым салынатынын ескертеді.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын айыппұл мен басқа да жазаларға тап болмас үшін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты