Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында қоғамдық орынды ластаған 4 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды

Жамбыл облысында қоғамдық орынды ластаған 4 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтап, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту шараларын жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл шаралар қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алуға, қоғамдық орындарды ластауды болдырмауға және тұрмыстық, құрылыс қоқыстарын арнайы белгіленген орындардан тыс тастаудың жолын кесуге бағытталған.

Сонымен қатар осындай құқық бұзушылықтар туралы азаматтардан полицияға түсетін өтініштер саны артқан.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері қоқысты белгіленбеген жерлерде қалдырып кеткен және оны автокөліктердің терезелерінен лақтырған тұрғындарды анықтады.

Полиция қызметкерлері 4362 жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Азаматтар өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықтардың салдарын жойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады