Қызылордада “Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы барысында 385 жасөспірім полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстың алдын алу бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның 3 күнінде полицияға 385 кәмелетке толмаған жеткізілсе, оның ішінде 361 кәмелетке толмағанға әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, ал қалған 8 жасөспірім қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін жеткізілген.
Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 24 ата-анаға хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 346 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.