Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясына 100-ден астам жасөспірім жеткізілді

Алматы полициясына 100-ден астам жасөспірім жеткізілді
Фото: polisia.kz

Алматыда “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицияға 100-ден астам жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2024 жылғы 15 шілде мен 17 шілде аралығында қалада “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен қадағалаусыз жүрудің алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болуын, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге араластыратын ересектерді анықтау. Іс-шараның нәтижелі өтуіне білім беру органдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық көмекшілер жұмылдырылды, – деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Іс-шараның алғашқы күнінде полицияға әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 106 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілсе, оның 95-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған.

Балаларды қолдау орталығына 11 жасөспірім жіберілді. Сонымен қатар ІІО есепте тұрған 48 кәмелетке толмаған бала және 37 қолайсыз отбасы тексерілді. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге мән бермейтін 9 ата-ана анықталды. Тағы 13 ата-ана бала тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты