Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 170 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды

Астанада 170 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Биыл Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізілді. ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тартымды орындар қай жерде ашылғаны туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Мысалы, Тәуелсіздік сарайының алдындағы «Қазақ Елі» алаңында жалпы ауданы 13 га аумақта кешенді абаттандыру жүргізілді, Жүргенов көшесінде жасыл бульвар ашылды, бұлкөше шағын ауданның негізгі көшелерінің бірі болып саналады. Сондай-ақ, Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінің жағалауы абаттандырылды. Өткен жылы Ш.Құдайбердіұлы даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін жұмыс жүргізілді. Биыл Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейін жұмыс жүргізілді. «Жастар» саябағы айтарлықтай өзгерді. Мұнда мынандай өзгерістер болды: сорғы жолы, коньки паркі, жаңа ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, саябақ аумағында «Сана» заманауи спорт кешені жұмыс істейді, онда белсенді өмір салты үшін барлық қажетті жағдай жасалған», - деп атап өтті елорда әкімі Жеңіс Қасымбек. 

Биыл қаланың вокзал маңы мен оған іргелес Біржан сал және Гете көшелері абаттандырылды. Вокзал маңындағы көшелердің жалпы ұзындығы 1,5 км құрады. Қаланың тарихи көшелерін қайтажаңарту жобасы аясында жалпы абаттандыру алаңы 17 мың шаршы метрден асты.Сонымен қатар, Ұлытау аллеясы, Мәңгілік ел даңғылы, Тәуелсіздік, Тұран даңғылдары, Мың жылдық аллеясының бөлігі, Керуен және Хан Шатыр СОО жанындағы гүлзарлар, Агро қалашықелді мекені, Жеңіс даңғылы, Жағалау  шағын ауданы, Уәлиханов көшесі және т.б. абаттандырылып, көгалдандырылды. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударылады. Биыл қалада «жасыл белдеу» аумағында 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызылды. Қаланы көгалдандыру жарғысы қабылданды. Енді бірде-бір құрылыс салушы салғанын нысанын дендро жоспарсыз және оның айналасындағы жасыл кеңістіктерге күтім жасау бойынша үш жылдық міндеттемесіз тапсыра алмайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты