20 желтоқсан сағат 19:00-де Алматыда 80 жаңа жылдық шыршаның шамы жанады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай алаңындағы басты шырша (биіктігі 22 м) мегаполисті безендіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.Шыршаны безендіруге жарқын декорация, 6 шақырым гирлянда және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған жаңа жылдық ойыншықтар қолданылады. Сағат 18:00-де Республика сарайының алдында «Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке — таңғажайып Жаңа жыл» атты жарқын шоу басталады. Сахнада Роза Рымбаева, Тұрар, Балжан Бидаш, «Альфа», Динара және т.б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Абай алаңына келген қонақтарды ертегі кейіпкерлері, фотозоналар және инсталляциялар қарсы алады. 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін басты жаңа жылдық жәрмеңке жұмыс істейді, онда ерекше кәдесыйлар, жаңа жылдық ойыншықтар сатып алып, естелік суреттер түсіруге болады. Мереке сағат 18:00-де қаланың барлық 8 ауданында басталады:• Алатау ауданы: «Алатау» дәстүрлі өнер театры (Нұркент ш/а., 6).• Алмалы ауданы: Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік театры (Абылай хан даңғылы, 38).• Әуезов ауданы: Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры (Шаляпин көшесі, 22).• Бостандық ауданы: «Атакент» ҚІЫО алаңы (Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысы).• Медеу ауданы: «Dostyk Plaza» сауда орталығы (Самал-2 шағын ауданы, 111)«Қазақстан» қонақ үйінің алдындағы бу субұрқағы (Достық даңғылы, 85а/1)• Наурызбай ауданы: Амфитеатр (Шұғыла ш/а., 347).• Түрксіб ауданы: №6 Оқушылар үйі (Сейфуллин даңғылы, 13/1).• Жетісу ауданы: Айнабұлақ ш/а-дағы Арбат (Мақатаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысы).Мерекеге атсалысып, Жаңа жылдық сиқырдың нағыз сиқырын сезініңіз!