Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жылыту маусымы басталды

Қазақстанның бірнеше өңірінде жылыту маусымы басталды
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталып та кетті. 1 қазаннан бастап жылыту маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында басталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысын жалғастыра отырып, қалыпты режимде жұмыс істейді.

«2024 жылға бекітілген жөндеу кестесі аясында 10 энергоблокта, 55 қазандықта және 45 турбинада күрделі жұмыстар жоспарланған. Қазіргі таңда 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және 28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.

Барлық электр станциялары жылыту маусымының басталуына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген. 2024 жылы АЭК-тің (электр желілерін тарату компанияларының) электр желілерінде 20,8 мың км электр беру желілерін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желілері, 376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді», — деп жазды Энергетика министрлігінен.

Жылумен қамту саласында 2024 жылы 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 94,6% құрайды.

Энергия көздерінің қоймаларындағы отын қоры 5,2 млн тонна көмір мен 89 мың тонна мазутты құрайды, бұл жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның қатысуымен тұрақты селекторлық кеңестер өткізіледі.

2024 жылғы 11 қыркүйекте кезекті кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау, отынның нормативтік қорын сақтау және энергетикалық жабдықтарды пайдалануды бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындық барысы 2024 жылғы 20 тамыздағы Үкімет отырысында талқыланды. Барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді