Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолада полицейлер вейп саудасын тоқтатты

Ақмолада полицейлер вейп саудасын тоқтатты
Фото: Polisia.kz

Ақмолада полицейлер вейп саудасын тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 желтоқсан күні Степногорск қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары заңсыз электронды темекі құрылғыларын сатумен айналысқан тұрғынды анықтады. Қала үйлерінің бірінде жасырын сауда ұйымдастырған 40 жастағы азаматша полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сауда нүктесін тексеру барысында тәртіп сақшылары 200 дана электронды темекіні тәркіледі. Бұл шамамен 2 млн теңгенің өнімі. Тергеу нәтижесінде күдіктінің маусым айынан бастап заңсыз кәсіппен айналысып келгені белгілі болды. Ол өз әрекетінің заңға қайшы екенін мойындады.

Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Электрондық темекілердің заңсыз айналымына қатысу қайғылы салдарға алып келуі мүмкін екенін ерекше атап өтті. Құқық қорғау органдары азаматтарды мұндай әрекеттерден бас тартып, заңды жауапкершіліктен сақтануға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады