Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды

Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын ұйымдастырған есірткі зертханасын анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнында 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол сарайдың ішінде қабырғалары пластик фольгамен қапталған есірткі зертханасын жасаған. Тексеру кезінде есірткі өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғылары мен суаруға қажетті құрал-саймандар тәркіленді.

Зертхана ішінен 214 түп қарасора өсімдігі заттай дәлел ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт келіге жуық болған. Сонымен қатар кептірілген шөп тәріздес ерекше хош иісі бар заттар: 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетіне және пластикалық бөтелкеге салынған есірткі табылды. Сараптама нәтижесі бойынша, олардың жалпы салмағы 5,4 келіден астам кептірілген марихуана және 4,65 грамм гашиш екені анықталды.

Айыпталушы тергеу кезінде қамауда болды. Сот шешімі бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады