Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында полиция ақбөкенді заңсыз атқан облыс тұрғындарын ұстады

Ақтөбе облысында полиция ақбөкенді заңсыз атқан облыс тұрғындарын ұстады
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында полиция ақбөкенді заңсыз атқан облыс тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2 желтоқсанда Ақтөбе қаласында «Ақбөкен» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан екі қап ақбөкен өлексесі табылды.

Осыдан кейін Шалқар қаласында жедел тергеу шаралары аясында өзінің гаражында ақбөкеннің етін бөлшектеп жатқан кезінде үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Ұсталғандардың бірінің гаражынан ақбөкеннің 8 ұшасы, ақбөкеннің 6 мүйізі, ал УАЗ көлігінен тағы бір ұшасы табылды.

Күдіктілердің екеуі ашық жерде жайылып жүрген ақбөкендерді ату мақсатында Урал мотоциклмен далалыққа шығып, жануарларды Шалқар қаласының тұрғындарына сатпақшы болғаны анықталды. Ұсталғандар 11 ақбөкенді атып алған. Олар бір ұшаны 35 мың теңгеге сатқан.

Ақбөкендерді заңсыз аулау және жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты