Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда киіктерді заңсыз аулау фактісі анықталды

Қостанай облысының полицейлері киіктерді заңсыз аулау фактісін анықтады. Өңірлік ПД қызметкерлері Жангелдин ауданының полицейлерімен бірлесіп браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

"Шилі ауылының маңындағы Балдай қыстағындағы рейдтік іс-шаралар кезінде жабайы жануарлардың ұшасы табылды. Фазенда жұмысшыларының айтуынша, олардың көршілері қонақ қылған, кейіннен киіктің терісін, жануардың тұяғын, тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тәркілеген", – дейді полиция қызметкері Олжас Абенов.
 
Аталған факт бойынша 35 және 44 жастағы ер адамдар ұсталды. Олар ақбөкенді заңсыз аулау және жою бойынша айыпталуда. Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Жыл басынан бері Қостанай облысында полиция қызметкерлерімен табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 300-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Экологиялық қылмыстар бойынша 9 қылмыстық іс тергелуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті