Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында браконьерлерден 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйіз тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық ҰҚК департаментімен бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен бір топ браконьерлерді қолға түсірді.

– Қылмыстық топ Шет ауданының тұрғындарынан құралып, құрып кету қауіпі бар ақбөкендерді атумен айналысқан. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 22 тінту жұмыстары жүргізіліп, полицияға 11 адам жеткізілді. 328 мүйіз, 13 ақбөкен өлексесі және 20 келіден астам бұзылған ет тәркіленді, -деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығынды анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өзге ақпараттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты