Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында “Сергек” жүйесі арқылы 57 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу жағдайы тіркелді

Абай облысында “Сергек” жүйесі арқылы 57 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу жағдайы тіркелді
Фото: Polisia.kz

Абай облысында “Сергек” жүйесі арқылы 57 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылдың басынан бастап Абай облысы аумағында автоматтандырылған аппараттық-бағдарламалық кешен “Сергек” көмегімен 56 881 жол қозғалысы ережесін бұзу жағдайы тіркелді.

Ең көп кездесетін құқық бұзушылықтар жол белгілері мен жол қозғалысы жолағындағы белгілердің талаптарын сақтамаумен байланысты. Атап айтқанда, бұл бұзушылықтар қиылыстардағы тоқтау сызығының талаптарын орындамаумен жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 601-бабына сәйкес, бұл құқық бұзушылыққа 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 11 076 теңгені құрайды. Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайып, 36 920 теңге болады.

“Сергек жүйесі осы бұзушылықтарды жедел түрде тіркеуге мүмкіндік береді, бұл жүргізушілердің тәртібін жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Дәстүрлі бақылау әдістерінен айырмашылығы, “Сергек” жүйесі бұзушылықтарды жоғары дәлдікпен және адам араласуынсыз нақты уақытта тіркеп, құқық қорғау органдарының жұмысын едәуір тиімді етеді.

Абай облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және көлік тәртібін бұзбауды ескертеді. Ережелерге жауапты қарау жағымсыз салдарлардан сақтануға, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және апаттық жағдайларды болдырмауға көмектеседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді