Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының жолдарында «Сұңқар» жүйесі іске қосылды

Алматы облысының жолдарында «Сұңқар» жүйесі іске қосылды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының жолдарында «Сұңқар» жүйесі іске қосылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының негізгі автомагистральдарында 11 заманауи «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға берілді.

– Бұл жоғары технологиялық жүйелер Алматы – Көкпек – Көктал, Алматы – Шелек – Қорғас және Алматы – Өскемен трассаларында орнатылған. «Сұңқар» кешендері жол жағдайын тәулік бойы бақылауға арналған. Олар жылдамдық режимі асырылған, жол қозғалысы ережелері бұзылған жағдайларды және жүргізушілердің басқа да қауіпті әрекеттерін тіркейді. Мақсат – апаттылықты азайту, көлік жүргізу мәдениетін арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов.

Жүйе автоматты түрде жұмыс істейді. Алынған мәліметтер бірыңғай базаға жолданады, онда олар өңделеді және жүргізушілерді жауапкершілікке тартуға негіз болады.

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. «Сұңқар» сияқты технологиялар қозғалысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғай отырып, тиімді әрі жедел әрекет етуге көмектеседі, – деп толықтырды Еркебұлан Ахметов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты