Бс, 10 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады

Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады
Фото: polisia.kz

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автомобиль жолдары комитетімен және “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-мен бірлесіп, белгіленген жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске асырды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– 33 “ZEREK-2” бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі таңда “ZEREK-2” Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған және Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс атқаруға дайын.

Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 1200-ден астам адам қаза тауып, 8500-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.<!--more-->

Оның ішінде жылдамдық режимін сақтамау салдарынан қала сыртындағы трассаларда 730 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шекті.<!--more-->

– Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап “ZEREK-2” кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушілерден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз.

Сіздің өміріңізден маңызды ештеңе жоқ! – деді Ақтоты Боранова.<!--more-->


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты