Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері өзге өңірдің тұрғындарынан “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі

СҚО полицейлері өзге өңірдің тұрғындарынан “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері өзге өңірдің тұрғындарынан “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Мамыр айының басында Петропавл қаласының шетінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері BMW автокөлігімен жүрген үш күдіктіні ұстады.

Рөлде отырған Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсетіп, көлікпен жасырынуға тырысты. Соңынан қуған кезде көліктің ішіндегілер терезеден қара түсті барсетканы лақтырып жіберген. Оның ішінен шамамен салмағы 1 келі ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл α-PvP деп аталатын синтетикалық есірткі екені анықталды.

Күдіктілер алысқа ұзамады, олардың көлігі Жұмысшы кентінен шыға берістегі айналма жолда тоқтатылды. Жүргізушіден бөлек көлік ішінде 35 жастағы тағы бір алматылық және Астана қаласында тұратын 24 жастағы қыз отырған.

Екі ер адам уақытша тұрып келген Көкшетау қаласындағы жалдамалы пәтерден солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер қызметтік іссапар барысында синтетикалық есірткі салынған түйіншектер, электрондық таразы, буып-түю материалы, 1 келі синтетикалық есірткі, сондай-ақ 20 грамм гашиш тәркіледі.

– Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1,5 келі α-PvP және 0,5 келі мефедрон. Екі алматылық күзетпен қамауға алынды. Топ құрамында, аса ірі мөлшерде есірткі өткізу фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті