Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі

СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мефедрон – аса қауіпті синтетикалық есірткі. “Синтетиканы” сату фактілерінің жолын кесу – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерінің жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Наурыз айында Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар нәтижесінде 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан жалпы салмағы 20 грамм ұнтақ тәрізді зат салынған, қара изолентамен оралған 20 полимерлік түйіншек тәркіленді.  Куәгерлердің қатысуымен асфальт үстінде ер адамның жанынан тағы осындай 25 түйіншек анықталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.  

– Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген ұнтақ тәрізді зат 45 грамм мефедрон екені анықталды. Есірткі жасырды деген күдікпен ұсталған қала тұрғыны осындай қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған, нашақор ретінде есепте тұр. Қазіргі уақытта ол қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді