Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Алтын шаңырақ» Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясының ашылуына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде аталмыш институт қабырғасында 17 этнос өкілдерінің жастары білім алуда. Осыған орай, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі оқу ордасымен бірлесе ҚХА студенттерінің Ассамблеясын құруға ниетті. Аталған ұйым – түрлі этнос жастарын бір шаңырақ астына біріктіріп, олардың өзара ынтымағы мен достығын нығайтуды көздейді. Жастар жиынын Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жастар саясаты және тәрбие жұмысы» басқармасының басшысы Бақтияр Бекназаров жүргізді. Басқосуда «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, өңірлік жастардың жетекшісі Хамида Турдыева жастар ұйымының атқаратын қызметіне тоқталды.
Сондай-ақ, жиында «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшылары Рахат Ерханұлы және Алмас Ақынтай мемлекеттік тілді меңгеру жастарға кеңінен жол ашатындығын айтып өтті. Өз кезегінде жастар да ұйымға мүше атанып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуға ниетті екендерін білдірді.