Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда ұландық сарбаз жол-көлік апатынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесті

Ақтауда ұландық сарбаз  жол-көлік апатынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесті
Фото: Polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласындағы шағын аудандардың бірінде болған. Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сол маңда жүрген кіші сержант Шырақбаев апатқа куә болды.

Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асықты. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріе шақырды.

– Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді, – дейді ұландық сержант.

Осылайша, ұландық жауынгердің жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында апаттың ауыр зардабына жол берілмей, зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне дер кезінде тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді