Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті
Фото: Polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда 5514 әскери бөлімінің сарбаздары жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмектесті.

Оқиға 21 қазанда кешкі уақытта Орманов көшесінде болған. Chevrolet көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Әскери жасақ бастығы Мадияр Мақанов пен патрульші сарбаздар қатардағы Нұржігіт Әділханұлы, Айдын Еркінұлы және Тасқын Елеусізов аталмыш оқиғаға куә болды.

Ұландықтар уақыт жоғалтпай, бірден көмек көрсетті. Әскери жасақ бастығы дереу оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

– Біз дереу зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Жедел жәрдем келгенге дейін бойжеткен есін жиды, – дейді әскери жасақ бастығы Мадияр Мақанов.

Ұландықтардың жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптарға жол берілмеді. Жедел жәрдем бригадасы келгенде әскерилер тұрғынды медицина қызметкерлеріне тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады