Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы жойылды

ІІМ: Синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Алматы қаласының Жетісу ауданында жалға алынған жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалпы салмағы бір жарым килограмнан асатын “aльфа-pvp” синтетикалық психотроптық заты табылып, тәркіленді.

Күдікті ұсталды. Одан салмағы 100 грамнан асатын “синтетика” тәркіленді. Ер адам есірткіні байланыссыз тәсілмен өткізбек болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Полиция жыл басынан бері 52 есірткі зертханасын жойды. Заңсыз айналымнан жарты тонна “синтетика” тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

– Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айынан бастап “синтетика” есірткінің ауыр түріне теңестірілді. Оларды сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік бір грамнан басталады.

Аталмыш факт бойынша күдікті мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді спикер.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді