Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада кальян шегуге рұқсат берген дәмхана иесі жауапқа тартылды

Астанада кальян шегуге рұқсат берген дәмхана иесі жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Астанада “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындары мен компьютерлік клубтарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жүргізуде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр және Алматы аудандарында учаскелік инспекторлар 50-ден астам жерде рұқсат етілмеген орындарда кальян шегу фактілерін анықтады.

Кальян қоспасын арнайы белгіленбеген жерлерде шеккені үшін құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылып, оларға он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мысалы Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері тексеріс кезінде бір келушінің жалпы залда кальян шегіп отырғанын анықтады. Осы заң бұзушылыққа жол бергені үшін дәмхана әкімшісі жауапкершілікке тартылды.

16 қыркүйектен бастап елордада “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғалы бері 11 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың арасында 243 ұсақ бұзақылық фактісі, 1 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау жағдайлары анықталды. Сондай-ақ 1200-ден астам азамат алкогольдік ішімдікті қоғамдық орындарда ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді