Астанада полицейлер биыл темекі өнімдерін заңсыз тұтынудың 13 мыңға жуық фактісін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық полицейлер темекі өнімдері мен кальян қоспаларын тұтыну үшін арнайы орындар бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.
Осы жылдың басынан бері темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі қосылған өнімдерді, кальяндық темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылыту жүйелерін тұтынуға тыйым салуды бұзудың 13 мың фактісі анықталып, 104 млн теңге сомада айыппұл салынды.
Рейдтік іс-щаралар барысында тәртіп сақшылары Сарайшық көшесіндегі лаунж-барда ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабында көзделген құқық бұзушылықты, атап айтқанда, белгіленбеген арнайы орындарда кальян тұтыну фактісін анықтады. Кальян шеккен келушіге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну – жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.