Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жалған құжатпен ұсталған жүргізуші: заңды айналып өтудің сәтсіз әрекеті

Жалған құжатпен ұсталған жүргізуші: заңды айналып өтудің сәтсіз әрекеті
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері қазақстандық азаматты Қырғыз Республикасының атына жасалған жалған құжаттармен ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық азамат көлік басқару құқығынан айырылғандықтан, заңды айналып өтіп, көлікті еш кедергісіз жүргізу мақсатында осындай айлаға барған.

17 қазан күні елордаға қарасты патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Астана – Қорғалжын автожолында Mercedes-Benz автокөлігіг тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші өзін Қырғыз Республикасының азаматы деп таныстырып, полицияға жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін ұсынды. Алайда, тексеріс нәтижесінде құжаттардың жалған екені анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері оның Қазақстан аумағында болу мақсатына және мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне байланысты қосымша сұрақтар қойып, көші-қон қызметінің мәліметтер базасынан мұқият тексеру жүргізді. Нәтижесінде осындай аты-жөндегі шетелдік азаматтың Қазақстан шекарасын мүлде кесіп өтпегені белгілі болды.

Осы жағдайдан кейін жүргізуші Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айта кетерлігі бұл азамат биылғы ақпан айында Екібастұз қаласында мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталған. Екібастұз қалалық сотының шешімімен ол әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Алайда заңды айналып өту мақсатында, ол Қырғыз Республикасының атына жасалған жалған жүргізуші куәлігін пайдалануға тырысқан.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырып, көлігін айып тұрағына жапты. Сонымен қатар, жалған құжаттардың қай жерде және қандай жағдайда жасалғанын анықтау жұмыстары жалғасуда.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады