Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі анықталды

Астанада жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі анықталды
Фото: polisia.kz

Астанада көлденең таңбаны кесіп өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Renault Logan автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісін тоқтатты.

Жүргізуші Гете көшесімен көлікті басқара отырып, көлденең таңбаны кесіп өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткені анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді. Заңға сәйкес, аталған бұзушылық үшін астаналық азамат алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 5-29 ақпан аралығында Астана қаласы аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара басталғаннан бері полицейлер әкімшілік заңнаманы 2 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, мас күйінде көлік басқарғаны үшін 4 адам қамауға алынды, 54 бұзушы ЖКО болған жерден қашып кеткен, 70-тен астам жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүріп өткен, 100-ге жуық жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады