Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда емен бағы ашылды

Елордада «Астана Опера» театрының іргелес аумағына 1000 түп бөртегүл мен 700 емен ағашы отырғызылды. Бұл учаскеде төселген тас ауыстырылып, магистральдық торлар орнатылды, суару жүйесі де қарастырылған. Түнде магистральдық тор арқылы арнайы жарықтандыру қосылады, бұл жасыл аймаққа ерекше көрініс береді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Оранхаевтың айтуынша, елорданы көгалдандыру жұмыстары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізілуде. Ландшафтық орын қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша мұндай жасыл аймақтарды барлық ауданда кезең-кезеңмен ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«Астана Опера» аумағындағы абаттандырылатын жердің жалпы ауданы — 3.2 га, сондай-ақ 2 га аумақ көгалдандырылды. Емен аллеясына жайлы демалыс үшін дөңгелек орындықтар да қойылады. Ал ағаштар шуақты күндері демалуға жағдай жасайды.

Айта кетейік, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарында елорданы жаппай көгалдандыру қарастырылған.

Емен – ұзақ жылдар бойы өмір сүретін ағаш, сондықтан оларды «Астана опера» ғимаратының бағына отырғызу туралы шешім қабылданды.

Триатлон паркінің жанында биыл жөке ағашы мен сирень бұталары отырғызылды. Осылайша, елордада сирень мен емен бағы ашылды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында Нұр-Сұлтанда бір миллионнан астам жасыл желек отырғызылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді