Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында заң бұзған азамат 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

Маңғыстау облысында заң бұзған азамат 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
Фото: pixabay.com

Жаңаөзен қалалық соты қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарап, сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жаза сотталушыға өз жазасын өтеу ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдалы қызмет көрсету арқылы қателігін түсініп, түзелуіне мүмкіндік береді. Сотталған азаматтың тәртібін бақылау Жаңаөзен қалалық пробация қызметіне тапсырылды. Ол есепке алынып, жергілікті атқарушы органдардың белгілеген аймағында қоғамдық жұмыстарды орындау арқылы өз жазасын өтеп жүр.

Пробация қызметі бөлімінің бастығы Тілектес Құдайбергенованың айтуынша, қоғамдық жұмыс сотталғандардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді.

– Қазіргі уақытта есепте тұрған 5 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. Біз сотталғандарға қолдау көрсетіп, оларды дұрыс жолға бағыттауға бар күшімізді саламыз, – деді Құдайбергенова.

Сот шешімі қоғамдағы тәртіпті нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Қоғамдық жұмыстардың басты мақсаты – сотталған азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және оларды қоғамның белсенді мүшелері ретінде қайта оралуға ынталандыру.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі сотталғандардың өз жазасын жауапкершілікпен өтеуі үшін барлық қажетті жағдайды жасап, олардың қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті