Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: пробация есебіндегі 80 адамға психологиялық кеңес берілді

Шымкент: пробация есебіндегі 80 адамға психологиялық кеңес берілді
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында 270 азамат пробациялық есепте тұрады. Бұл санаттағылар жұмыс күндері  4 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылып, өздеріне берілген жазаны өтеп жатыр. Қазіргітаңда 51 азамат мәжбүрлі еңбекке тартылған. Сондай-ақ жыл басынан 80 адам психологиялық көмекке жүгініпті.

Есепте тұрған 270 азаматтың 25-і нәзік жандылар болса екеуі кәмелет жасына толмағандар. Олар айына 3 рет тіркеуден өтіп тұрады. Ал заңды бұзғандардың ісі сотқа жолданады. Жыл басынан қоғамдық жұмысқа келмеген, ескертусіз тыс жерге шыққан 91 азаматқа ескерту берілген. Олардың 17-сінің ісі сотта қаралып, 16-сы қанағаттандырылған. Сонымен қатар жаза өтеуден бой тасалағын 4 азаматқа іздеу жарияланған.

Психологтары аудандық пробация қызметіндегі есепте тұрған адамдарға психологиялық көмек көрсетеді. Мамандар жыл басынан 80 адамға психологиялық кеңес берілгенін айтады. Олардың басымын отбасылық проблемалар алаңдатады екен. Айта өтейік, Еңбекші ауданының пробация қызметінде 58 адамға медициналық, 61 адамға құқықтық көмек көрсетілген. Сонымен қатар 22 сотталушының мектеп жасындағы балаларына 40 567 теңгеден жәрдем берілген.

Айта кетейік, пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Бұл қызмет түрі- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып атқарылатын шара болып табылады.  

Азаматтардың қылмыстық сот төрелігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасалған, жаңа Қылмыстық кодексте бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыттары да азайтылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді