Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

Маңғыстау облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған 140-тан астам адам тұр. Оларға қойылған басты талап – соттың белгілеген тәртібі мен шарттарын орындау.

Қызметкерлер заңнамаларға сәйкес әр тұлғаның өмір салтын, мінез-құлқын бақылауда біршама жұмыс атқарып, сотталғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу үшін тиісті іс-шараларды жүйелі жүргізеді.

Жаза өтеудің тәртібін сақтамай, белгіленген уақытта үйлерінде болмай, құқық бұзушылыққа жол берсе, сотталғанға ескерту беріледі. Бірнеше рет қайталанса, сотқа ұсыныс жолданады.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен 1 жыл 10 ай 8 күн мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған С. есімді азамат жаза өтеу кезінде пробация қызметіне уақытылы тіркеуге келмей, ескертусіз тұрғылықты жерінен тыс шығып кеткен, сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Пробация қызметкері сотталғанға қатысты тиісті ұсынысты қалалық сотқа жолдады. Соттың үкімімен бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Енді тәртіп бұзған азамат қалған мерзімін ҚАЖД мекемесінде өтейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді