2024 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (ЖС) мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың кассациялық шағымын қарады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қорғаушы екеуін де ақтауды сұрады.
"Судьялар істі кассациялық қарауға беруден бас тартты", — деді Жоғарғы Сот судьясы.
Осылайша, Жоғарғы Сот істі кассациялық алқаның қарауына қабылдау үшін соттың немесе тергеудің жұмысында заң бұзушылықтар мен өзге де негіздерді тапқан жоқ.
2019 жылдың 14 қаңтарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп айыпталған Нұралы Қиясов жасаған қылмысын мойындады. Қиясовтан бөлек бұл іске Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева да қатысты.
2019 жылдың 17 қаңтарында Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты. Нұралы Қиясов өзіне тағылған қылмыстар бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Жанар Толыбаева кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлігінің айнасын ұрламақ болған көлік ұрыларымен төбелесіп, көп қан жоғалтып қайтыс болды. Спортшы 25 жаста еді.