Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолада полицейлер қауіпті өрттің алдын алды

Ақмолада полицейлер қауіпті өрттің алдын алды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында полицейлердің арқасында қауіпті өртке жол берілмеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғалжын ауданы ТЖБ азаматтық қорғау бастығы А. Қапышев, Қорғалжын ауданы полиция бөлімі бастығының м.у.а. Д. Қуанышевтың атына полиция қызметкерлерін марапаттау туралы ұсыныс хат жолдады. Бұған 6 қазанда Қорғалжын ауылында болған оқиға себеп болды.

Полиция бөлімі бастығының орынбасары Бекзат Хайрулин және кезекші инспектор Кенжебек Қаратаев қызметтен сағат 21:15 шамасында үйіне қайтып келе жатып, өртеніп жатқан қоқысты байқады. Жағдайдың ауырлығын бағалай отырып, өрт ошағынан бір метр қашықтықта орналасқан қора мен шабындыққа көшуі мүмкін болғандықтан полицейлер дереу иелеріне және өртке қарсы қызметке хабарлап, өздері сөндіруге кірісті.

Азаматтық қорғау бастығының пікірінше, жедел қабылданған шаралардың арқасында құқық қорғау органдары мүлікті сақтап қалды. Егер өрт шаруа ғимараттарына ауысса, апаттың ауқымын бағалау қиын.

Полицейлер атап өткендей, белгіленбеген жерде үлкен көлемді көше қоқысы үшін айыппұл салынады. Сондықтан тәртіп сақшылары заңда белгіленген өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізеді.

– Біздің сонда болғанымыз жақсы болды. Егер кешіксек өрт үлкен шығынға алып келер еді. Бірақ бәрі сәтті аяқталғаны жақсы, – деп бөлісті тәртіп сақшысы Бекзат Хайрулин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді