Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Бас прокуроры балалардың арасындағы суицид толқыны жайында мәлімдеме жасады

Қазақстанның Бас прокуроры балалардың арасындағы суицид толқыны жайында мәлімдеме жасады
Фото: amanatpartiasy.kz

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов бүгін, 2024 жылғы 1 қазанда балалардың суицидтері туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бас прокурор Twitter-дегі парақшасында жазды.Оның айтуынша, балалардың суицид толқыны қоғамда резонанс тудырған.

"Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді. Сондай-ақ, прокурорлар қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатыр. Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейді", — деп жазды Асылов.

2024 жылдың 12 қыркүйегінде Алматыда 12 жасар қыздың 13-қабаттан секіргені хабарланған. 16 қыркүйекте екі қыз көпқабатты үйден құлап мерт болды. 21 қыркүйекте тағы бір суицид болды: Бостандық ауданында жасөспірім қыз 13-қабаттың балконынан құлап кетті.

22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында ҰҚК Шекара академиясының 19 жастағы курсанты көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарынан құлап қайтыс болды. Ал 23 қыркүйекте Алматыдағы зәулім ғимараттан 18 жастағы жасөспірім секіріп кеткен.

25 қыркүйекте Алматыда AlmaU студентінің өлі табылғаны белгілі болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді