Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысының полициясы жол қозғалысын бақылауды күшейтті

Қостанай облысының полициясы жол қозғалысын бақылауды күшейтті
Фото: polisia.kz

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері. Қостанай облысының полициясы жол қозғалысын бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күрделі апаттық жағдайға байланысты Қостанай облысының полициясы жол қозғалысын қадағалаудың жаңа әдістерін енгізуді жалғастырып жатыр.

Негізгі патрульдік нарядтардан басқа, аймақтың жолдары мен көшелерінде “жасырын патрульдеу” әдісі бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтайтын 10 арнайы қызметтік автокөлік жүреді.

Олар Оракул Инсайт автоматты фото-бейне түсіру кешенімен жабдықталған.

Ең алдымен, кешен адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелетін қауіпті жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейді. Бұл жылдамдықты бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жол белгілерін елемеу.

Полицейлер автоматты есептегіш көлік санатын өздігінен анықтайтынын атап өтті.

Мысалы, қала сыртындағы автожолдарда жеңіл автомобильдерге сағатына 100 шақырым жылдамдықпен, жүк көліктеріне сағатына 70 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен және автобус жүргізушілеріне сағатына 90 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Жолдарды қадағалау идеясын “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ қолдады. Олар автожолдарға ескерту билбордтарын орнатты.

Жасырын патрульдеу арқылы рұқсат етілген жылдамдықтан асып кетудің 800-ден астам фактісі тіркелді.

Полицейлер жүргізушілерді ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады