Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды

Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы көктем, жаз мезгілдерінде жалпы қаладағы жол-көлік оқиғаларының жағдайына әсер ететін жекелеген көлік түрлерінің қозғалысын қадағалауды күшейтеді.

– Тәжірибеде мотоциклдер мен мопедтердің иелері тікелей ағынды қондырғыларды пайдаланатын деректер көптеп кездеседі, бұл әсіресе түнгі уақытта азаматтардың тыныштығына әсер етеді және олар рұқсат етілмеген жарыстарды, сондай-ақ маневр жасау және жылдамдықты шектеу ережелерін өрескел бұза отырып, ұйымдаспаған топтық қозғалыстарды ұйымдастырады. Бұл қала тұрғындары мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың орынды сыны мен шағымдарын тудырады. Осыған байланысты Алматы полициясы баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың құқық бұзушылықтарын анықтау жұмыстарын күшейтті. Жергілікті рейдтер жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Шумаев.

Рейд барысында патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальонның жеке құрамы қала жолдарында 168 құқық бұзушылықты анықтап, 13 мас жүргізушіні ұстады.

Сонымен қатар, 68 мопед және 23 самокат жүргізушісіне әкімшілік шара қолданылды. 38 мопед айыппұл тұрағына қойылды.

– Мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – белгіленген жылдамдықты сақтамау, қарама-қарсы қозғалысқа шығу, көше қиылыстары және маневр жасау ережелерін бұзу және т.б. Өткен жылы мопедтердің қатысуымен 554 ЖКО тіркелді, 541 адам жарақат алып, 16 адам қаза тапты, – деді Шумаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты