Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді ұстады

Алматы полициясы төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді ұстады
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы ірі көлемдегі төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктеріне арнайы сигнал беру құралдарын орнататын, көлікті мас күйінде басқаратын және төленбеген айыппұлдары бар қауіпті жүргізушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруда. Салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде анықтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшелері патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлерінің көмегімен 200-ге жуық көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Бұл көліктердің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы соммасы 125 миллион 940 мың теңге көлемінде айыппұлдары бар.

Алматы полициясы тағы да қылмысқа “мүлдем төзбеушілік” қағидаттарын, құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын, әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді