Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2,5 мыңға жуық қазақстандық мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі

2,5 мыңға жуық қазақстандық мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі
Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті биылғы жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жаңа оқу жылының басында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 422 білім беру ұйымында бақылау-бағалау іс-шараларын жүргізген болатын. Іс-шаралар оқу үдерісіндегі проблемаларды анықтауға, оқу процесінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталды.

«Өткен жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттері 2624 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі фактілері анықталды», - деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов. 

Атап өту керек, мониторинг және бағалау қызметі білім беру қызметінің сапасын, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін шара.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді