Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолалық жеке күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылып, 500 қылмыстың жолы кесілді

Ақмолалық жеке күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылып, 500 қылмыстың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

2024 жылы Ақмола облысында жеке күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылып 500 қылмыстың жолы кесілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәжірибе көрсеткендей, жеке күзет ұйымдарымен орталықтандырылған бақылау пульттері күзететін нысандар мен пәтерлерге қылмыскерлер сирек шабуыл жасайды.

Күзет дабылы құралдарын монтаждауды, баптауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын фирмалар пәтерлер мен кеңселерде заңсыз кіруге және өртке жауап беретін күзет мониторингі жүйелерін орнатады. Бұл фирмалар үй-жайларды бейнебақылау, кіруді бақылау жүйелерімен, интеркомдармен және иесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басқа жабдықтармен қосымша жабдықтай алады.

Осыған байланысты Ақмола облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімі облыс орталығының өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан жеке кәсіпкерлік объектілерінің басшыларымен жұмыс жүргізуде. Төтенше оқиғаларды болдырмау, ықтимал дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, тонау, ұрлық және өзге де қылмыстық қол сұғушылық фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алдын алу шараларын қолдану мақсатында объектілер мен оларға іргелес аумақтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері шешіліп жатыр.

– Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында 26 орталықтандырылған бақылау пульті жұмыс істейді, 163 жеке күзет ұйымы тіркелген. Күзетілетін пәтерлердің жалпы саны шамамен 9 мыңды құрайды, оның ішінде орталықтандырылған бақылау пультіне 4 мыңнан астамын кіреді, – дейді күзет қызметін бақылау бөлімі.

Мәселен, 2024 жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағында жеке күзет ұйымдары 518 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, күзетілетін объектілерде 500 құқық бұзушылықтың алдын алды, күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді