Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басқарушы құрамына тапсырма берді

 
Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басқарушы құрамына бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті жеке құрамға Мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Әнуар Садықұловты таныстырды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік күзет жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы Күзет қызметі басшысының баяндамасын тыңдады.


"Мемлекеттік күзет қызметі – төтенше маңызды ұйым. Сіздер қызмет атқару барысында осыны қаперде ұстаңыздар. Мемлекеттік күзет қызметіне айрықша міндеттер жүктеледі. Сондықтан, мемлекеттік күзет мәселесі әрқашан басты назарда болады. Тапсырылған іске барынша адалдық танытып, жоғары кәсіби дайындықтарыңызды көрсететіндеріңізге сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті ішкі және сыртқы қауіп-қатердің құбылмалы жағдайында күзет қызметкерлерінің кәсібилігіне қойылатын талап өте жоғары болатынын атап өтіп, қызметке кәсіби, идеологиялық және зияткерлік тұрғыдан дайын жас жігіттер іріктеп алынатынын айтты.


"Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерінде келіссөздер жүргізуге қажетті дипломатиялық дағдыларға сәйкес келетін әскери біліктілік, қырағылық, ақпаратты қорыта білу сияқты сапалық қасиеттер болуы тиіс. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы саясатты түсінетін және білетін саяси білімі жетік болуы қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының жұмысымен танысып, Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс кабинеттерін аралап көрді. 


Сондай-ақ, Күзет қызметінің жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді. 


Сурет: Ақорда
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді