Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

3,5 млн-ға жуық қазақстандық ел ішінде саяхаттады

3,5 млн-ға жуық қазақстандық ел ішінде саяхаттады
Фото: pixabay.com

3,5 млн-ға жуық қазақстандық ел ішінде саяхаттады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-маусым аралығында 3 млн 431 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Ішкі туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 349 мың адамға көбейген. 2023 жылы бұл көрсеткіш 3 млн 082 мың адамға жеткен еді.Алматы, Астана және Шымкент қалалары жалпы туристер үлесінің 51%-ын тарта отырып, ішкі туристік бағыттар арасында көшбасшы болып тұр. Сондай-ақ өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда Қазақстанның 14 өңірінде туристер санының өскені байқалды.
«Жыл өткен сайын елімізде ішкі туризмге деген сұраныстың артып келе жатқаны байқалады. Мұны ресми статистикадағы көрсеткіштер айғақтайды. Мәселен, биылғы алты айда 3,5 миллионға жуық турист ел ішінде саяхат жасады. Өткен жылмен салыстырғанда нәтиже айтарлықтай жақсарған. Бұл – туристік инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы мақсатты жұмысымыздың нәтижесі екенін айта кеткен жөн. Алдағы уақытта да туристер санын арттыру үшін осы саладағы серпінді жұмысымызды жалғастырамыз», - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады