Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Қазақстанға қанша турист келді

Биыл Қазақстанға қанша турист келді
Фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері елімізге келген туристер санын жария етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, 2023 жылдың І тоқсанында шетелге 1,4 млн қазақстандық шықты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%- ға көп (2022 жылғы қаңтар-наурыз – 845,2 мың адам).

Сонымен қатар Қазақстанды туристік орын ретінде 1,1 миллион адам таңдаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,9 есе көп (2022 жылғы қаңтар-наурыз – 293,2 мың адам). Ел ішінде биылғы алғашқы үш ай ішінде 1,3 млн адам демалған (2022 жылы – 1,1 млн адам).

“Орналастыру орындарының саны 3 848 бірлікті құрады, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 92 бірлікке өсті. Бұл ретте қызмет көрсетілген демалушылар саны 1,5 млн адамды құрады. Курорттық аймақтарда 703 мыңнан астам адам демалды”, – делінген хабарламада.

Қаңтар-наурызда орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 43,1 млрд теңгені құрады, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,8%-ға артық.

Айта кетейік, Қазақстанда 5 жұлдызды рейтингі бар 25 орын бар, олар бірінші тоқсанда 173 мың қонақ қабылдаған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді