Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның курортты аймақтарында демалған туристер саны 30% - ға артты

Қазақстанның курортты аймақтарында демалған туристер саны 30% - ға артты
Фото: gov.kz

2022 жылы отандық курортты аймақтарда демалған туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 30% - ға өсті. Осының арқасында Қазақстанның қонақ үйлері 102 млрд теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Көрсетілген қызметтер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Сондай-ақ курортты аймақтардағы төсек-орындардың саны 102 мыңнан 106 мың бірлікке дейін артты.

Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда Қазақстанның курортты аймақтарында туристер саны үш есе, ал көрсетілген қызметтер көлемі 6 есе өсті.

Бұл ретте саяхатшылар көбінесе Алматы тау кластерінде, Бурабайда, Маңғыстау курортты аймағында және Алакөл көлінің жағалауында тоқтайтынын айта кеткен жөн.

"Қазіргі уақытта ең танымал бағыттар бойынша туристік инфрақұрылымды дамытуда белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Біздің мақсатымыз – бірнеше жыл ішінде ішкі туристердің жалпы санын 11 млн адамға дейін, ал кіретін туристерді – 4 млн адамға дейін ұлғайту үшін курорттар мен демалыс аймақтарының қолжетімділігін, сондай-ақ сыйымдылығын арттыру, атап айтқанда, қазір жаңа нысандар салынып жатыр, ал туризм саласындағы кәсіпкерлер субсидия алып келеді", - деп атап өтті ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді